Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер бірқатар қарызы бар ақмолалықты Алматыдан тапты

Полицейлер бірқатар қарызы бар ақмолалықты Алматыдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласы ПБ КПБ іздестіру тобының қызметкерлері облыс орталығының 35 жастағы тұрғынының бір жарым жыл үздіксіз іздеуден кейін тұрған жерін анықтады.

Ер адамның әкесі 2021 жылдың қаңтарында ұлының жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінді. Із-түссіз жоғалған ақмолалықтың ата-анасынан басқа жұбайы мен екі жас баласы бар.

Ер адамды іздеуге Көкшетау қаласы Полиция басқармасының, Ақмола облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы, берілген күштер бағытталды.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында із-түссіз жоғалған ер адамның микроқаржы ұйымдарында, ҚР банктерінің бірінде, сондай-ақ жеке тұлға алдында бірқатар берешегі бар екені анықталды.

2 тамызда Көкшетау жедел уәкілдері із-түссіз жоғалған адамның орналасқан жерін Алматы қаласынан анықтады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру