Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда ер адам базарда тұрған арбаны ұрлап кеткен

Түркістанда ер адам базарда тұрған арбаны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, орталық базарда құны 80 мың теңге болатын арбасын белгісіз біреулер жымқырып кеткен.

Аталған жайт қалалық Полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында түркістандық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді.

Нәтижесінде, күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазбасы анықталып, базар аумағына бекітілген учаскелік полиция инспекторларына бағыт берілді. Учаскелік инспекторлар тәулік ішінде күдікті ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті базарда қараусыз тұрған арбаны көріп, ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Содан кейін бірден арбаны темір өткізетін орынға сатып жіберген. Қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру