Тәжірибелі психолог ақмолалық ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті
Тәжірибелі психолог ақмолалық ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәжірибелі психолог Ұлпан Аманбаева ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті. Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/23 мекемесінің жеке құрамы алдында сөйлеген сөзінде «Суицид туралы аңыздар мен жаңылыстар» атты маңызды және өзекті тақырыптардың бірін көтерді, ол суицидтік мінез-құлыққа қатысты негізгі жаңылыстарды ашатын сәттерге назар аударды.
– Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – құқық қорғау органдары психологтарының алдында тұрған өзекті міндеттердің бірі. Өз-өзіне қол жұмсауды шешкен адамның проблемаларын, қайғы-қасіреті мен уәждерін түсіну, оған нақты көмек көрсете білу, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу үшін сіз теорияны білуіңіз керек, нақты психодиагностикалық құралдарға ие болуыңыз керек, – деді психолог.
Қызметкерлер психологқа жұмыс барысында жиі кездесетін сұрақтарды қойды.
Кездесу соңында психолог өзіне-өзі қол жұмсау туралы шешім қабылдаған адамдардың мінез-құлқына тән белгілерді анықтау бойынша ұсыныстар берді. Сонымен қатар, тыңдаушыларды суицидтік тәуекел белгілерін диагностикалау әдістерімен және психологиялық көмек көрсету принциптерімен таныстырды.