Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәжірибелі психолог ақмолалық ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті

Тәжірибелі психолог ақмолалық ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибелі психолог Ұлпан Аманбаева ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті. Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/23 мекемесінің жеке құрамы алдында сөйлеген сөзінде “Суицид туралы аңыздар мен жаңылыстар” атты маңызды және өзекті тақырыптардың бірін көтерді, ол суицидтік мінез-құлыққа қатысты негізгі жаңылыстарды ашатын сәттерге назар аударды.

– Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – құқық қорғау органдары психологтарының алдында тұрған өзекті міндеттердің бірі. Өз-өзіне қол жұмсауды шешкен адамның проблемаларын, қайғы-қасіреті мен уәждерін түсіну, оған нақты көмек көрсете білу, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу үшін сіз теорияны білуіңіз керек, нақты психодиагностикалық құралдарға ие болуыңыз керек, – деді психолог.

Қызметкерлер психологқа жұмыс барысында жиі кездесетін сұрақтарды қойды.

Кездесу соңында психолог өзіне-өзі қол жұмсау туралы шешім қабылдаған адамдардың мінез-құлқына тән белгілерді анықтау бойынша ұсыныстар берді. Сонымен қатар, тыңдаушыларды суицидтік тәуекел белгілерін диагностикалау әдістерімен және психологиялық көмек көрсету принциптерімен таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру