Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды

Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданының аумағындағы жедел ақпаратты іске асыру мақсатында құмға жақын маңдағы Тасөткел ауылынан 5 шақырым қашықтықтағы Меркі ауылының тұрғынын ұстады. 35 жастағы азаматты тінту кезінде 8 келі 190 гр марихуана “канабис өсімдігі” есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, тиісті сараптамалық қорытынды тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Д.Қойтөриев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру