Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған ер адам сағынышын өлеңмен жеткізді

Қызылордада сотталған ер адам сағынышын өлеңмен жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған Нұртілеу ҚК-нің 293-бабымен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл істі болып, қамалып жатқанда әйелі үшінші перзентін дүниеге әкелген болатын. Есептеп отырса, сол кезде дүние есігін ашқан ұлы ол бостандыққа шыққанда беске толады екен. Сол перзентінің алғаш күлгенін,тапұл-тұпыл басқанын,жүргенін көре алмағанына өкінеді. Басқа да балаларын, ата- анасы мен жарын қатты сағынып жүр. Сондай шақтарда қолына қалам алып, сағынышын өлеңмен жазады.

– “Өлең деген тумайды жайшылықта” демекші, мұнда келгелі әртүрлі сезімді басымнан кешірдім. Ішімде бір терең мұң бар. Соңғы кезде сол мұңды қағаз бетіне түсіріп, күнделік етіп жазып жүрмін. Кейде өлең де жазамын. Осында отырып бостандықтағы күндерімді бос өткізгеніме, ашу үстінде жасаған қылмысыма өкінемін, – деді сотталған.

Сезімімді буырқанған неғылайын,

Іштегі сыр, өлең боп ақтарылсын.

Ақ қағазға түсіріп, шимайлайын.

Ата-анам, алыстағы амансың ба?

Амансың ба, ұл-қызым, күнім, айым.

Есенсің бе, ақ маңдай асыл жарым?

Сағындым бірге өскен дос-жараным.

Сағындым туған-туыс бауырымды,

Баурайы жасыл-желек ауылымды.

Темір торда отырып сағым сынды,

Жете алмай өздеріңе жаным мұңлы.

Қылмысыма жасаған өкінемін,

Жаратқаным пендеңді кешіре біл.

Бостандыққа шыққан соң, еңбек етіп,

Барлығыңның мерейіңді өсіремін, – деп абақтыдағы отыз жастағы азамат өкінішін жеткізді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру