Павлодар полицейлері кальян шегудің 30 фактісін анықтады
Павлодар полицейлері кальян шегудің 30 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды бұзу фактілері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді.
– Осылайша, полиция қызметкерлері Усолка көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде кальян тұтыну фактісін анықтады, онда кальяншы келушілерге ұсыну үшін кальян тартты. 22 жастағы павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБК 441-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Осыған ұқсас бұзушылық Едіге би көшесіндегі басқа қалалық мекемеде анықталды, онда да 30 жастағы жас жігіт келушілерге кальян ұсынды, ол да жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қайыров.
Айта кету керек, биылғы жылы Павлодар қаласының демалыс және ойын-сауық мекемелерінде полицейлер кальян шегудің 30 фактісін анықтады.
Жыл басынан бері Павлодар өңірінде тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзудың 169 фактісін анықтады.