Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны көрсетілмеген қызмет үшін төлеген ақшасын қайтарып алды

Ақмолалық тұрғын көрсетілмеген қызмет үшін төлеген ақшасын қайтарып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 тамызда Степногорск қаласының Полиция басқармасына Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жүгінді. Ер адам Степногорск қаласына іссапарға келіп, жалға берілетін тұрғын үй іздей бастағанын айтты. Жылжымайтын мүлікпен қызмет көрсететін компаниялардың біріне жүгініп, жалға алғысы келетін тұрғын үйге қойылатын критерийлерді атаған.

Ер адам полицияға компания операторына алдын ала төлем жасағанын, ол өз кезегінде оған жалдамалы пәтерлердің тізімі орналастырылған WhatsApp мессенджеріне сілтеме жібергенін айтты. Алайда тізімде операторға айтылған параметрлер бойынша тұрғын үй болмаған.

Ер адам іздеуді жалғастыру немесе ақшаны қайтару үшін операторға бірнеше рет қоңырау шалғанымен компания нөмірлері қол жетімді болмаған.

Тергеу барысында Степногорск қаласы ПБ КПБ аға жедел уәкілі осы компанияның иесін анықтап, ақшалай қаражатты жәбірленушіге, елорда тұрғынына қайтаруға көмектесті.

Өз кезегінде ер адам даулы мәселені шешуге көмектескені үшін Полиция басқармасы басшылығының атына алғыс хат жазды.

Өз хатында астаналық полиция қызметкерінің кәсібилігі, жеделдігі мен жоғары адамгершілік қасиеттерін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру