Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам зейнеткердің 100 мың рублін ұрлап кеткен

Ақмола облысында ер адам зейнеткердің 100 мың рублін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай АПБ полиция бөліміне 70 жастағы тұрғынның өтініші келіп түсті. Зейнеткер полицияға ұрлық туралы хабарлады.

Өтініш берушінің айтуынша, бұрын жалға берген, бірақ қазір бос тұрған пәтерде оған тиесілі 100 мың ресей рублі мөлшеріндегі ақша сақталған. 27 шілдеде қарт адам ақшаның жоғалғанын көріп, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдіктіні анықтады. Ол бір апта бұрын өтініш берушінің пәтерінде тегін тұрған, жәбірленушінің танысы 47 жастағы ер адам болып шықты.

Полицейлер қаскүнемді Көкшетау қаласының аумағында ұстады.

Аталған фактіге сәйкес Бурабай АПБ полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдіктінің айтуынша, ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру