Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 515 алаяқтық фактісі тіркелді

Ақмола облысында 515 алаяқтық фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында 8 тамызда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дмитрий Федоровтың қатысуымен брифинг өтті.

Спикердің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда облыста 515 алаяқтық фактісі тіркелген, оның ішінде 405-і түрлі интернет-ресурстарды пайдалана отырып жасалған. Статистика туралы ақпарат берген полицей оң фактілерді де келтірді: қабылданған жедел және алдын алу шараларының нәтижесінде мұндай қылмыстар 232 фактіге немесе 41%-ға төмендеді.

Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері: OLX, Kolesa.kz, Krisha.kz, Market.kz сияқты интернет-ресурстарға жалған хабарландырулар беру және жәбірленушілердің жоқ тауар үшін алдын ала төлем енгізуі – 94 факт, әлеуметтік желілер арқылы – 29, кредиттер мен онлайн-қарыздар рәсімдеу – 19 факт.

Соңғы уақытта алаяқтар сенгіш азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыратын жағдайлар жиілеп кетті: бұл интернет-алаяқтардың ең көп таралған схемасы, мұндай жалған қызметкерлердің алдауына 129 ақмолалық түскен.

Сондай-ақ, банкпен бірлескен іс-шаралар жүргізетін және олардың банктік операциялары туралы алаңдап өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстыратын фактілер бар: телефон арқылы сенім нөмірін ауыстыруды сұрап, ақшаны банктік шотқа немесе үшінші тұлғаның шотына салуды талап етеді. Жалған нөмірлерден қоңырау шалып, қылмыстық қудалаумен қорқытады.

Халықты киберқылмыстардың қазіргі заманғы тәсілдері туралы хабардар ету мақсатында БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы халықпен мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмысы және республикалық телеарналарда тұрақты сөз сөйлеулер жүргізіледі.

Полицейлерде құқыққа қарсы контентті (сілтемелер, аккаунттар, сайттар, интернет желісіндегі парақтар) бұғаттауға арналған жаңа «Аргус» аппараттық-бағдарламалық кешені және «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі бар.

Полицейлер алаяқтықтың алдын алу бойынша түрлі әдістермен жұмыс жүргізуде. Осындай қылмыстың алдын алу шараларының бірі – банк клиенттеріне, банк карталары мен мобильді қосымшаларды пайдаланушыларға сақтық шараларымен sms-хабарлау.

Азаматтардың өтініштеріне тез арада ден қоюдың нәтижесінде полицейлер интернет-алаяқтарды уақытылы залалсыздандырып, бірнеше қылмыстардың жолын кесуде.

Тәртіп сақшылары кезекті рет Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтарына ешбір жағдайда ССV-кодтары мен банк карталарының нөмірлерін хабарламауды, банктердің жалған өкілдерінің нұсқауы бойынша Эни-деск, Квик-сапот, Тим-вивер және т. б. сияқты қашықтан қол жеткізу қосымшаларын жүктемеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру