Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен күдіктілер анықталды

Павлодар облысында зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі – пәтер ұрлығының алдын алу және осы қылмыстардың «өткен жылдар» санатында жүрген фактілерін ашу.

– Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында облыс жедел қызметкерлері жеке үй пәтерлерден бұрын жасалған ұрлықтарды ашты, – деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндеттерін атқарушы Денис Лоскутов.

19 шілдеде Ақсу қаласының полиция бөліміне зейнеткерден өтініш келіп түсті. 64 жастағы жәбірленуші тәртіп сақшыларына белгісіз адамның үйіне заңсыз кіріп, ақша, ұялы телефон және зергерлік бұйымдарды ұрлағанын айтты. Шығын сомасы 570 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады, ол 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, ал алтын бұйымдар табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Тағы бір жағдайда Павлодар қаласының жедел уәкілдерінің күшімен 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол 1 тамызда сағат 00-30-да өтініш берушінің пәтерінен еркін қол жеткізу арқылы 500 мың теңге сомасына алтын бұйымдарын жымқырған.

Ұрлық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру