Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот үкімімен 25 жастағы павлодарлық аса ірі көлемде интернет-ресурстар арқылы есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қала тұрғынынан сатуға арналған 78 грамнан астам тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді. Есірткі полиэтилен пакеттерге салынып, оқшаулағыш лентамен оралған.

Сотталушы түсіндіргендей, осындай қылмыстық жолмен ол өзінің қаржылық жағдайын жақсартуға шешім қабылдады.

Жігіт синтетикалық есірткілерді сақтап, оларды қала бойынша жасырған. Кейін өзінің «жұмыс берушісін» олардың орналасқан жері және салынған есірткінің мөлшері туралы фото арқылы хабардар етіп отырған.

Сәтті жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, жігітті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері ұстады. Кейіннен оған Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды.

Қылмыстық істі сотта қарау барысында қала тұрғынының кінәсі ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденді және сот сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру