Ұзынағаштағы атыс: күдіктілерге іздеу жарияланды
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге соттың санкциясымен іздеу салынады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматы облысы Полиция департаменті іздеу салады:
Козыбаев Гани Муратұлы – 31 жаста, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;
Аскар Жаныбекұлы Тыныштыков – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;
Нурсултан Бахтиярулы Аукенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестірілуде.
Назар аударыңыз! Іздеу! Алматы облысының полициясы іздестірілуші туралы мәліметтері бар барлық адамдарға келесі телефондар бойынша хабарлауыңызды сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102.