Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғынның көлігінің жүксалғышынан қару табылды

Шымкентте тұрғынның көлігінің жүксалғышынан қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкентте “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүріп жатыр.

8 тамызда патрульдік полиция полкінің инспекторлары күмән тудырған Daewoo Nexia көлігін тоқтатқан. Автокөлікті қарау кезінде артқы жүксалғышынан қару табылды. Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді.

Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін азамат Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Айта өтетін ақпарат, қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынған. Іс-шара Шымкент қаласы аумағында осы жылдың 4-13 тамыз аралығында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру