Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны өзгенің көлігінен телефонды қолды еткен

Павлодар облысының тұрғыны өзгенің көлігінен телефонды қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақсу қаласының полициясына Vivo Y20 телефонының ұрланғаны туралы хабарлап, жергілікті тұрғын жүгінді. Полиция қызметкерлері 42 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, ер адам Ақсу ауданындағы ауылдардың бірінде дүкен жанында тұрған бөтен көліктің салонынан құны 75 мың теңге тұратын гаджетті алып кеткен.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиянақты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, телефон заңды иесіне қайтарылды.

Павлодар облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерге көлік ішіне құнды заттарды қалдырмауды және аз уақытқа шықсаңыз да оны құлттап кетуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру