Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дауыл кезінде қаза тапты

Алматы облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дауыл кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 2022 жылғы 8-13 тамыз аралығында Алматы қаласы 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында (Алматы облысы Жетіген кенті) далалық  оқу-жаттығуында болады.

2022 жылдың 9 тамызында, шамамен 20.55-те қатты дауыл соғып, тігілген шатырлардың қирауы басталды. Қатардағы жауынгер А. Шахимов өз әріптестерімен бірге бірінші кезекте жеке құрамның қауіпсіз жерге шығуына және шатырлы қалашықтың қирауын жоюға көмек көрсете бастаған. Қауіпті орыннан соңғы шыққан А. Шахимов шатырдың металл жақтауының желмен жұлынған соққысынан басынан жарақат алған.

Оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Сарбаз Қонаев қаласының қалалық медициналық мекемесіне жеткізіледі, кейін онда әскери қызметшінің қайтыс болғаны анықталды. Осылай жауынгер А.Н. Шахимов өзінің жанқиярлық әрекетімен қаруластарын құтқару барысында ауыр жарақат алып, мерт болды.

Қатардағы жауынгер Шахимов А. Н 2003 жылы туған, Ақмола облысы Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен осы жылдың көктемінде шақырылған.

Аталған дерек туралы кезекші қызмет желісімен құзырлы органдарға хабарланды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, қызметтік тергеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қатардағы жауынгер А.Н. Шахимовтың ата-аналары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру