Павлодарда тұрғын қоқыс контейнерін ұрлап кеткен
Павлодарда тұрғын қоқыс контейнерін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz
Оқиға осы жылдың шілде айының соңында Павлодар қаласындағы Қамзин көшесіндегі шиномонтаж шеберханасының жанында орын алды. Контейнердің жоғалып кеткенін жеке кәсіпкер байқап, полицияға хабарлаған.
Қабылданған шаралар барысында полиция қызметкерлері қоқыс контейнерін ұрлады деген күдіктіні анықтады. Ол 59 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Күдікті темір ыдысты металл қабылдағышқа тапсырып, ақша тапқысы келгенін айтқан.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргiзiлуде. Тергеу жалғасуда.