Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан дін заңнамасын бұзған 12 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды

Жыл басынан дін заңнамасын бұзған 12 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Дін қызметі саласында заңдылықтың бұзушылықтарын және адамдардың экстремизм жолына түсуін ескерту – полиция жұмысындағы міндеттердің бірі. СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері участкелік полиция инспекторлармен бірлесе профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді.

Сауда үйлері, супермаркеттер және адамдар көп жиналатын басқа да орындарда жадынамалар тарату бойынша акциялар өткізіліп тұрады. Айта кетсек, діни материалдарды тек арнайы орындарда таратуға рұқсат етілгені туралы бірі білсе, бірі біле бермейді. Бұл нақты рұқсаттары бар ғибадат ету орындары және сауда орындары, СҚО-да бұндай 16 орын бар. Діни материалдарды жариялау, әлеуметтік желілерде жарнама арқылы дінге арналған заттарды сату – заңсыз әрекет болып саналады.

Айта кететіні, жыл басынан бері дін қызметі аясында құқық бұзушылық жасағаны үшін 12 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Экстремистік сипаттағы діни ағымдарға адамдарды, әсіресе жастарды тарту бойынша профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылады. Тәртіп сақшылары еліміздің заңнамасына, дәстүрлі дінге, қоғамның ұлттық рухани құндылықтарына немқұрайлы қарайтын немесе шыдамдылық танытпайтын, “ақиқатты ілімнен” алшақтаған әлемдік діндерді айыптайтын, ерекше сезіммен “діни ділді” міндеттейтін қоғамдастықтардан аулақ болу қажеттігі туралы ескертеді. Жоғарыда аталғанның барлығы деструктивті діни ағымдарға тән белгілер. Бұл қоғамдастықтарға мүше болу – жеке тұлғаның жоғалуына, өмірге деген құлшыныстан айырылуға әкеп соғады, – дейді басқарма бастығының міндетін атқарушы Алмас Шытқанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру