Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері оқу орындарының терроризмге қарсы қорғалуын тексеріп жатыр

СҚО полицейлері оқу орындарының терроризмге қарсы қорғалуын тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылының қарсаңында СҚО полицейлері мектеп пен колледждерді тексеру бойынша қызу жұмыс өткізуде. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері орта, арнаулы орта және жоғары білім беру мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын тексеруде. Олардың облыстағы жалпы саны – 276. Олардың бейнебақылау жүйелерімен, «дабыл» түймелерімен, күзет және өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталуына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, оқытушылық құрамның және техникалық персоналдың терроризм төнген кездегі бастапқы іс-қимылдарды жасау тәртібі бойынша білімі тексеріледі. Полицейлер педагогтарға дағдарыстық жағдайларда – жарылғыш құрылғысына ұқсайтын заттарды тапқан кезде, терроризмнің орын алу мүмкіндігі туралы хабар келіп түскенде, т.б. кезде іс-қимыл жасау туралы әдістемелік ұсыныстар беруде.

– Оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы, әсіресе, Мемлекет басшысымен жарияланған «Балалар жылы» шеңберінде өте өзекті. Айта кетерлік жайт, оқушылардың қауіпсіздігі бойынша сабақтар оқу жылы бойы тұрақты түрде өткізіледі. Сабақ барысында экстремизге қарсы іс-қимыл желісі бойынша қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын дамытуға, экстремистік ағымдардың насихатына бой алдырмауға баса назар аударылады. Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі – полиция жұмысының басты басымдықтарының бірі, – дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Шытқанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру