Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 1000-нан астам жер үй мен пәтер жеке күзеттің қорғауында

СҚО-да 1000-нан астам жер үй мен пәтер жеке күзеттің қорғауында, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-дағы жеке күзет құрылымдары 1173 үй мен пәтердің, сондай-ақ 4225 өзге нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Күзетілетін үйлерде және пәтерлерде жыл басынан бері ұрлық тіркелген жоқ. Пәтерлердің негізгі бөлігі орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған.

Айта кететіні, пультті күзетке пәтерді демалыс немесе іссапар кезінде қосуға болады. Бұл тиімді шара: күзет фирмаларының мобильді экипаждарының патрульдеу бағыттары күзетілетін объектілерге жақын орналасқан. Дабыл болған жағдайда, бұл оқиға орнына санаулы минуттарда жетуге мүмкіндік береді.

Мәселен, 5 тамызға қараған түні Петропавл қаласында күзетшілерге Интернационал көшесіндегі кафелердің бірінде дабылдың іске қосылуына жауап беру үшін 3 минут 5 секунд қажет болды.

Ғимаратқа заңсыз кірген ер адам ұсталды. Тауар ұрлығының алды алынды, күзетшілер ұсталған ер адамды оқиға орнына жетіп келген автопатрулге табыстады.

– Жалпы, жыл басынан бері күзетілетін объектілерде 4 ұрлықтың алды алынды, әртүрлі құқық бұзушылық үшін 24 адам ұсталып, полицияға әкелінді. Атап өтетіні, 19 күзет құрылымының 32 мобильдік тобының экипажы күнделікті Петропавл қаласындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады, – деп хабарлайды СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Олжас Салтаев.

Бүгінгі күні облыста 90 жеке күзет ұйымы тіркелген, жеке құрамның саны – 1600 адамнан асады. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда олармен өзара іс-қимыл жасау облыстық полиция ведомствосы басшылығының тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру