Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында Кинологиялық қызмет орталығына әскери-теңіз флотының ардагерлері барды

Павлодар облысында Кинологиялық қызмет орталығына әскери-теңіз флотының ардагерлері барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің полицейлері есірткіге қарсы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.

Бұл жолы Павлодар облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығына әскери-теңіз флотының ардагерлері “Альрами” клуб үйінің қатысушыларымен бірге келді.

Кинологтар қонақтарды иттермен таныстырып, жаттығу курсы мен қызметтік полиция иттерінің жұмысы туралы айтты. Сондай-ақ, олар иттерді оқытуда қолданылатын құрылғылардың арсеналын көрсетті.

Төрт аяқты тәртіп сақшылары бірнеше метр қашықтықта өз иелерінің дауыстық және ымдау командаларына жауап беріп, еш қателеспеді, ал Блонди деген лабрадор ересектер мен жасөспірімдерді толығымен қуантты.

– Біздің балалар кинологтардың экскурсиясында болғанына өте қуаныштымын. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл іс-шара тек жағымды эмоциялар ғана емес, сонымен қатар – зоотерапия. Полиция иттері өте ақылды. Олардың жұмысын өз көзімізбен көруге мүмкіндік бергеніңіз үшін рақмет. Біз жақсы әсер алдық. Полиция департаментіне экскурсия ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз, – деді “Альрами” клуб үйінің әкімшісі Жанна Жанжігітова.

Айта кету керек, жыл басынан бері иттер тәртіп сақшыларына 32 есірткі қылмысын ашуға көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру