Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен павлодарлық айыппұл арқалады

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен павлодарлық жүргізуші айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Н.Назарбаев даңғылын патрульдеу кезінде қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары 30 жастағы жүргізушіні ұстады. Ол Porsche автокөлігін жүргізіп келе жатып бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Бұл ретте ер адам қауіпсіздік белдігін тақпаған, сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзған.

Осы құқық бұзушылықтар үшін павлодарлық ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлімі, 599-бабының 2-бөлімі және 595-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы алғанда, құқық бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

– Айта кету керек, Павлодар жолдарында полицейлер 20 700-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзушыларын анықтады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру