62 жастағы шымкенттік кәріз құдығының қақпақтарын ұрлаумен айналысқан
62 жастағы шымкенттік кәріз құдығының қақпақтарын ұрлаумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы Патрульді полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында Opel Astra автокөлігін тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан кәріз құдығының бес қақпағы табылды.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жүксалғыштағы қақпақтар ұрланған екені анықталды.
Айта кетсек, Қаратау аудандық Полиция басқармасына қаладағы мемлекеттік мекемелердің бірінен хабарлама келіп түскен. Арызданушы белгісіз тұлғаның көшедегі шойын кәріз құдығының 5 қақпағын ұрлап кеткенін көрсеткен. Оның жалпы құны – 54 480 теңгені құраған.Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алынды.
Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 62 жастағы шымкенттік анықталып, жеткізілді. Бұрын сотты болмаған ер азаматтың бұдан өзге кәріз құдығының 43 қақпақ ұрлық жайттарына қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.