Нұр-Сұлтанда қымбат құлаққап ұрлаған жігіт ұсталды
«Алматы» ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт кешкі уақытта Абылайхан даңғылындағы техника дүкенінде болып, еркін қол жеткізу арқылы сөреден құны шамамен 45 000 теңге тұратын «JBL» маркалы сымсыз құлаққапты жасырын ұрлап кеткен. Күдікті адамдардың көптігін пайдаланып, құлаққапты алып, қысқа шалбарының астына жасырып, сауда залынан шығып кеткен. Ұрының бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін ол құлаққапты өтіп бара жатқан адамға төмен бағамен сатқан.
Қазіргі уақытта оның елордада жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы дәлелденді. Ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.