Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тайтөбеде жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Тайтөбеде жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 14 тамызда Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында орын алды. Полиция бөліміне елді мекен тұрғындарынан жеке үйлердің бірінің аумағында жарылыс болып, соның салдарынан зардап шеккендер бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнына дереу полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы келді. Полиция қызметкерлері оқиға орнына тексеру жүргізіп, механикалық зақымдалмаған газ баллонды тауып, тәркіледі.

Аталған факті ҚР ҚК 292-бабының 2-бөлігі (Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 


Материалдарды жинау барысында анықталғандай, 14 тамызда үй иесі мен оның ағасы көмірді сұрыптаумен айналысқан.

Жұмыс кезінде белгісіз заттың жарылуы орын алды, салдарынан үй иесі оқиға орнында қайтыс болды. Екінші ер адам мен оның баласы түрлі жарақаттармен Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелеріне жатқызылды.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық істі тергеу аясында полиция қызметкерлері жарылыстың көзі мен техникалық себебін анықтауға мүмкіндік беретін сот-жарылыс техникалық сараптамасын тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру