Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда 15 бас сиырды ұрлап, сатып жіберген ер адам қолға түсті

Мақтааралда жайылып жүрген жерінен 15 бас сиырды ұрлап, сатып жіберген ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл округіне қарасты тоғайлы алқапта жайылып жүрген 15 бас сиырын белгісіз біреу жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 2,2 млн теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1 (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам ұрлаған 15 сиырды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру