Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ер адам сауда орталығының сатушыларын тонап жүрген

Алматыда ер адам сауда орталығының сатушыларын тонап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу ауданының полиция қызметкерлері сауда орталығында бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адамды ұстады.

– Дәлірек айтсақ, күдікті ірі ойын-сауық орталықтарында орналасқан дүкендерді таңдаған. Сатушылары келушілерге қызмет көрсетумен қолдары босамай жатқан бутиктерге мақсатты түрде кіріп жүрген. Оның әрекетін ешкім бақылап отырмағанына сенімді болған қаскөй сатушылардың ұялы телефондарын немесе басқа да құнды заттарын ұрлап отырған. Тергеу әрекеттері барысында аталған адамның екі ұрлық эпизодын жасауға қатысы бар екендігі анықталды. Күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта Ш.есімді азаматтың Алматы қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықталуда.

– Осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-48-02; 254-48-10; 8-702-476-6660, — деді Өтебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру