Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жеңіл атлетикадан республика чемпионатында 15 медаль ұтып алды

Павлодарлық полицейлер жеңіл атлетикадан республика чемпионатында 15 медаль ұтып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық полицейлер Қарағанды қаласында өткен ардагерлер арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.Жарыстар қатысушылардан барынша ептілікті, жылдамдықты және шоғырлануды талап ететін спорттың 20 түрі бойынша өтті. Олардың ішінде: әртүрлі қашықтыққа жүгіру, биіктікке, ұзындыққа секіру, спорттық снарядтар лақтыру және эстафеталық жүгіру.

35-тен 75 жасқа дейінгі әртүрлі жастағы 100-ден астам қатысушы еліміздің түрлі өңірлерін таныстыра отырып, Қазақстан чемпионатына жиналды.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы ең көп медаль жеңіп алды.

Табанды күрес нәтижесінде Павлодар облысының құрама командасы 100 медальға ие болды: 53 алтын, 32 күміс және 15 қола.

Павлодарлық полицейлер 15 медаль жеңіп алды. Қанат Шакуов 7 медальға ие болды, оның ішінде 3 алтын. Нурлан Сююмбаев 4 медальдің иегері атанды, оның ішінде 3 алтын. Әсел Әдраманованың қоржынында 4 медаль, оның біреуі – алтын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру