Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мереке ұйымдастырды

Қостанайлық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мереке ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайлық полицейлер «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҮЕҰ-мен бірлесіп балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Көңілді старт» ұйымдастырды. Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасындағы «Алтын гүл» балалар сауықтыру лагері облыс орталығынан 50 шақырым жерде Алтынсарин ауданының көркем орманында орналасқан.

Қазіргі уақытта бұл жерде Рудный балалар үйінің 100-ден астам балғындары мен жасөспірімдері өздерінің жазғы демалысын өткізуде. Полиция қызметкерлері «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кезекті іс-шараны өткізді.

– Біз мұндай іс-шараны бірінші жыл өткізіп отырған жоқпыз. Бұл балалардың демалысын қызықты және пайдалы ету мүмкіндігі. Біздің мақсатымыз – балалар үйінің тәрбиеленушілерін дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу. Балалардың денсаулығы – ең алдымен еліміздің салауатты болашағы, – дейді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Айгүл Ерәділова.

«Көңілді старт» бағдарламасы 6 ойын сынағынан тұрды. Қатысушылар 3 командаға бөлінді. Алдымен оларға өз командасының шығармашылық атауы мен ұранын ойлап табу ұсынылды. Сондай-ақ, баскетбол, арқан, шеңбер және басқа да спорттық атрибуттарды қолданумен тапсырмалар дайындалды.

– Команданың барлық қатысушылары үлкен қызығушылық танытып, жарысқаа белсенді қатысты. Олар оқу жылына дейін көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге ие болды. Біздің полицейлерге бүгінгі іс-шара үшін рақмет, – деді генерал Бәкіров атындағы демалыс базасының директоры Зинаида Уакбаева.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар, грамоталар және тәтті сыйлықтарға ие болды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру