Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицияға «102» мобильдік қосымшасы арқылы 427 хабарлама келіп түсті

СҚО-да полицияға «102» мобильдік қосымшасы арқылы қылмыс пен құқық бұзушылықтар туралы 427 хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәтіндік хабарламалар, аудио және бейнебайланыс – полицейлер «102» мобильдік қосымшасы арқылы азаматтардан хабарламаларды қабылдауда. Кезекші бөлімнің инспекторларына аталған қосымша жүктелген кез-келген гаджеттен хабарласуға болады, сондай-ақ Telegram мессенджерінде бот арқылы да хабарлама жіберу көзделген.

«102» қосымшасы ел аумағында 2021 жылғы ақпанда іске қосылды. Бұл сервис бірінші кезекте азаматтарға ыңғайлы болуы үшін әзірленген. Әдеттегідей хабарлама, фото, бейне және аудио файлдарды да жіберіп қана қоймай, «SOS» батырмасын да пайдалануға болады, батырма басылғаннан кейін полицияның Жедел басқару орталығындағы кезекші қызметкермен бейне байланыс орнатылады. Полиция патрулі жүгінгеннің тұрған жеріне шұғыл шығуы үшін геолокацияны анықтау қызметін қосу қажет. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, азаматтар полиция қосымшасына жүгінбей, қылмыс пен құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты белгілі әлеуметтік пабликтерде жариялауда. Бұндай байланыс түрі ден қоюды тежейді, себебі аталған жарияланымдарды анықтап, талдау керек. Ал «102» қосымшасына келіп түскен хабарлама міндетті түрде Жедел басқару орталығында тіркеледі және қолданушыға ресми жауап жіберіледі.

СҚО ПД АББ бөлім бастығы Михаил Золкиннің айтуынша, СҚО-да полицияға «102» қосымшасына тәулігіне орташа есеппен 10 хабарлама келіп түседі. Көп жағдайда олар көлік тәртібіне қатысты болып келеді екен. Жалпы қосымша іске қосылғалы 427 хабарлама келіп түскен, оның 25-і бейнебайланыс арқылы.

Мобильдік қосымшамен қатар бұрынғыдай «102» нөмірі арқылы да хабарламалар қабылдануда.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицияға 85 300-ден аса қоңырау келіп түскен, оның 19 810 қылмыс пен құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар, олар бойынша полицияның шұғыл ден қоюы қажет болатын. Жедел басқару орталығының инспекторлары бейне камералардың көмегімен 10 337 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Басым бөлігі Жол жүрісі ережелерінің, қоғамдық тәртіптің бұзушылықтары, сондай-ақ қоғамдық орында масаң күйде жүрген тұлғаларды анықтау фактілері. Бұдан бөлек, ағымдағы 7 айда облыс орталығының көшелерінде бейне камералардың көмегімен 117 қылмыс ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру