Алматыда трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды
Алматыда трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, 30 таблетка трамадол мен 7 бөтелке тропикамидті 19 жастағы шаһар тұрғыны рецептсіз сатып алған.
– «Допингтің» барлық жиынтығы үшін 19 жастағы Т.есімді азаматша фармацевтке 9 мың теңге берген. Екі тарап – сатушы да, сатып алушы да жауапқа тартылды. Дәрілік заттарды рецептсіз сату дерегі ҚР ӘҚбК-нің 426-бабына сәйкес тіркелді. Өндірістік материалдар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.