Велосипед мінген бала ЖКО орын алуына себеп болды
Абай облысында велосипед мінген бала ЖКО орын алуына себеп болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының орталығында 16 тамыз күні сағат 19.00 шамасында Әуезов даңғылының қарсы жолағында велосипед тізгініндегі 11 жастағы бала зигзаг образды қозғалысқа әуестеніп келе жатып, өз бағытында келе жатқан көлік құралын байқамай қалған.
Нәтижесінде Lada Priora көлік құралының жүргізушісі баланы қағып кетпес үшін жол жиегінде тұрған Gelly көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, жүргізушілерге материалдық шығын келтірілген.
Баланың ата-анасы келтірілген залалды өтеуі керек.