Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық қорғаушы тергеуге алынған адамға телефон алып кірмекші болды  

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторының қызметкерлері келушіні тексеру барысында іш киіміне жасырылған ұялы телефонды тапты. Сонымен қатар USB сымы, сим-карта және флэш-карта табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Б. есімді азаматтан ұялы телефон және басқа да заттар табылды. Ол өзі қоғамдық қорғаушы болып табылады және өзінің қорғауындағы адамға келген, – деді тергеу изоляторының бастығы Аман Құлмұхамбетов.

Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы «ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдарды беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жауап қалдыру