Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

17 жастағы жамбылдық синтетикалық есірткімен ұсталды

17 жастағы жамбылдық синтетикалық есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамызда Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Малыш атты қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, жедел ақпаратты іске асыру барысында Тараз қаласындағы Мыңбұлақ шағын ауданында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 17 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдіктіні ұстап, тінту барысында шалбарының қалтасынан көк және қара түсті орамаға оралған 32 бума табылып, тәркіленді, оның ішінде жалпы салмағы 12,76 грамм а-PVP синтетикалық есірткі заты болды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады). Қазіргі уақытта есірткі құралдарын өткізу мен оларға қатысы бар адамдардың әрекет ету арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде,- деп хабарлады Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру