Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоқыс таситын көлікпен Алматы облысының колониясына телефон кіргізбек болған

Қоқыс таситын көлікпен Алматы облысының колониясына телефон кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты 14-ші мекемеге қоқыс тасушы машинамен телефон кіргізуге тырысты.

Қоқыс шығару бойынша жұмыстарды орындау үшін Заречный кентінің 14-і мекемесінде ГАЗ-3309 автокөлігінің жүргізушісі (қоқыс тасығыш) рульдің астындағы панельге скотчпен оралған тыйым салынған заттарды тығып алып, оларды сотталғандарға пайдалану үшін кіргізбек болған. Алайда, мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен тиімді тексерудің арқасында мекемеге үш ұялы телефонның кіруіне жол берілмеді.

«Аталған факті бойынша мән-жайларды анықтау және одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін Қонаев қаласының жедел – тергеу тобы шақырылды», – деп атап өтті ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру