Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробациялық есепте тұрған ақмолалық ауласында қарасора өсірген

Пробациялық есепте тұрған ақмолалық ауласында қарасора өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған Бурабай ауданының 34 жастағы тұрғыны үй жанындағы учаскеде құрамында есірткі бар қарасора тұқымдас өсімдіктерді өсірумен айналысатыны туралы ақпарат алды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер үй бақшасынан қарасора өсетін қоршалған жер телімін тапты. Барлығы 71 түп табылып, тәркіленді. Алынған өсімдіктер сараптамаға жіберілді.

Ұсталғанның айтуынша, ол бұрын сатып алынған есірткіден өсіру үшін тұқым алған. Оны отырғызып, учаскені қоршап, тыңайтқыш пен суарумен қамтамасыз еткен. Ер адам оны өзіне пайдалану үшін өсіргенін айтты. Күдікті нашақорлар есебінде тұрмайды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру