Шымкенттік тұрғын жоғалған жылқысын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Шымкенттік тұрғын жоғалған жылқысын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасынына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда белгісіз тұлғалар Алматы тасжолы бойында жайылымда арқандаулы тұрған әрқайсысы 400 мың теңге тұратын екі жылқысын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Қылмысты ашу мақсатында Қаратау АПБ ЖПҚБ №57 учаскелік полиция пунктінің инспекторларынан жедел-тергеу тобы құрылып, барымташылардың ізіне түскен.
Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігімен тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалған.
Жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған екі жылқы Асар-2 шағын ауданындағы жайылымнан табылып, иесіне қайтарылды.