Нұр-Сұлтанда екі күн ішінде 27 мас жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтанда екі күн ішінде 27 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн сайын елорда полицейлері мас күйінде көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерді анықтайды. Рейдтік іс-шаралар өткізілген екі күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласында көлікті мас күйінде басқарудың 27 фактісі тіркелді.
Полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде түнгі сағат 04.00 шамасында Бөгенбай батыр даңғылында Geely автокөлігін тоқтатты. Көлікті 26 жастағы жүргізуші басқарған. Құжаттарды тексеру кезінде қызметкерлер жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғанын байқаған. Оның мас күйде кафеден шығып, көлік рөліне отырғаны анықталды. Жас жігітке медициналық куәландырудан өту ұсынылды, оның нәтижесі бойынша ауырлығы орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдық туралы қорытынды берілді.
Жүргізуші УҰИ-ға қамалды, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Барлық ұсталған жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдары мамандандырылған коммуналдық тұраққа орналастырылды.
Айта кету керек, аталған құқық бұзушылық үшін баптың санкциясы он бес тәулікке әкімшілік қамауға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.