Павлодар облысында көлігіне жалған нөмір таққан 31 жүргізуші анықталды
Павлодар облысында көлігіне жалған нөмір таққан 31 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Павлодар облысында полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлікті басқарғаны үшін 31 жүргізушіні жауапқа тартты.
– Аталған бұзушылық үшін жаза ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімінде көзделген, бұл 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. Ал біреулер осылайша тіркелмеген көлікті жасыруға тырысуда, – деп хабарлайды Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.
Тәртіп сақшысы мысал келтірді, 21 тамызда Павлодар қаласының көшелерін патрульдеу кезінде инспекторлар үйдің алдында тұрақталған Lada Granta автокөлігін байқады. Деректер базасы бойынша тексеру кезінде тіркемедегі тіркеу нөмірлік белгісінің жалған екені анықталды.
42 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 590-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Мемлекеттік нөмірлік белгілер алынды.