Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да спутник арқылы сотталғандардың орналасқан жері бақыланады

СҚО-да пробация қызметкерлері спутник арқылы сотталғандардың орналасқан жерін бақылайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталғандардың орналасқан жері туралы ақпаратты алу мақсатында пробация қызметі электрондық бақылау құралдарын пайдаланысқа енгізді.

СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметінің бөлімшесінде ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутниктік жүйесінің сигналдары бойынша сотталған адамның орналасқан жерін қашықтықтан сәйкестендіруге және қадағалауға арналған 3 дербес GPS трекері бар.

Сотталғанға электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қаулымен ресімделіп, оған және онымен бірге тұратын адамдарға жарияланады. Кейін жабдықтың бүлінгені үшін жауапкершілік, электрондық бақылау құралдарын пайдалану ерекшеліктері түсіндіріледі, сондай-ақ сотталған қол қойған пайдалану жөніндегі жадынама беріледі.

– Пробация қызметінің қызметкерлері ақпарат жинауды мониторинг пультінің деректерін пайдаланып, жүзеге асырады. Барлық есепке алынған адамдар тәулігіне 24 сағат бақылауда болады, себебі сотталғандардың қозғалысы минут сайын есептеледі. Карта бойынша біз сотталғанның орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылап қана қоймай, сонымен қатар бүкіл қозғалыс бағытын көре аламыз, – деп түсіндірді ПҚБ бастығы Бауыржан Ибраев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру