Павлодар облысында биыл көлігін дұрыс тұрақтамаған 1,5 мыңдай жүргізуші жауапқа тартылды
Павлодар облысында биыл көлігін дұрыс тұрақтамаған 1,5 мыңдай жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полицейлері қала көшелері мен жолдарында құқықтық тәртіптің сақталуын тұрақты негізде бақылайды. Кезекті кешкі патрульдеу кезінде қызметкерлер Н. Назарбаев даңғылындағы 44-үйдің ауласында автокөліктер балалар алаңына қойылғанын байқады. Сондай-ақ, үй тұрғындарының өздері полиция қызметкерлеріне жақындап, кейбір жүргізушілер көлікті белгіленбеген жерлерге қалдырып жүре беретіндерін, сонысымен балалардың ойнауына да кедергі келтіретіндерін айтты.
– Көліктерін белгіленбеген жерге тұрақтап, балаларға ойнауға кедергі келтіретін жүргізушілермен сөйлесіңіздерші, – деп шағымданды зейнеткерлер.
Тәртіп сақшылары көлік құралдарының иелерін анықтап, мұндай бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескерту жасады. Сондай-ақ, олар қайталанған фактілер кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.
– Жақында мен «AMANAT» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдадым, онда қала тұрғындары аулалардағы көлікті қою ережелерінің бұзылуына шағымданды. Қазір полиция аулаларды аралап, аталмыш фактілерді анықтап, көлік иелерін шақырып, ескертуде. Егер жағдай өзгермесе, әкімшілік ықпал ету шараларын қолданатын боламыз, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы Ермек Әлжанов.
Өз кезегінде әйелдер тәртіп сақшыларына жеделдік үшін алғыс білдіріп, жүргізушілердің бұл әрекеттерінің қайталанбайтынына үміттенетіндерін айтты.
Құдайбердиев көшесі, 14 үйдің ауласында бірнеше қала тұрғыны өз көліктерін тротуарға қойып, сол арқылы аула тұрғындарының қалыпты өтуіне кедергі келтірді. Полицейлер аталған жүргізушілерді шақырып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Павлодар облысының Полиция департаментінде биыл көлігін дұрыс тұрақтамаған 1,5 мыңдай жүргізуші әкімшылык жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.