Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару” ЖПІШ: ШҚО полицейлері 22 бірлік тіркелмеген қаруды тәркіледі

ШҚО полицейлері 22 бірлік тіркелмеген қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-19 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара атыс қаруын қолданумен қылмыстардың алдын алу және ескертумен, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу, қару иелерінің қарудың сақталуын және оларды сақтау жағдайын тексеру мақсатында өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде заңсыз айналымнан 22 бірлік қару, 800-ден астам патрон алынды.

Бұдан басқа, іс-шара шеңберінде тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша 2 500-ден астам қару иелерін тексерді, олардың ішінде 56 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 20, сақтау ережелерін бұзғаны үшін – 29, тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – 7.

Ойық және травматикалық қаруды тәркілеу фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру