Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық тұрғынның кондиционер мен ет тартқышын ұрлап кеткен

Тараздық тұрғынның кондиционер мен ет тартқышын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полиция бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адам үйіне жасырын кіріп, кондиционер мен ет тартқышын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 200 мың теңгені құрады.

Тараз қалалық полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдікті заттарды сатып, ақша табу мақсатында ұрлағанын айтты. Сондай-ақ, оның ұрланған заттарды жартылай сатып үлгергенi де белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баппен 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру