Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Павлодарда жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Павлодар облысы Полиция департаментінің Instagram аккаунтына @dp_pavlodar азаматтардан хабарламалар келіп түседі.

– Жасалған құқық бұзушылық туралы кезекті өтініш 25 тамызда келіп түсті. Павлодарлықтар суреттерді жіберіп, Н.Назарбаев даңғылы бойынша жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан Lexus автокөлігі бұрылғанын нақтылады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көрсетілген хабарлама бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері  жүргізушіні жедел анықтады, жаяу жүргіншілер жолымен жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Автомобилист осылайша уақытты үнемдемек болғанын айтты. Полиция ағымдағы жылы осы баптың нормаларын бұзғаны үшін 147 көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру