Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында «Такси» ЖААШ қорытыланды

Ақтөбе облысында 23-26 тамыз аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар көлігіндегі апаттардың алдын алу мақсатында «Такси» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында жолаушылар мен жүктерді тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының болуына, автокөліктің техникалық жай-күйіне және олардың конструкциясының белгіленген талаптарға сәйкестігіне, такси жүргізушілерінің рейс алдындағы медициналық және техникалық тексеруден өтуіне ерекше назар аударылды.

«Такси» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша қоғамдық көлік жүргізушілерімен 1100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 19 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 10 жүргізуші, ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 25 жүргізуші, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 3 жүргізуші жауапқа тартылды.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және  жолаушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты екенін естеріңе салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру