СҚО-да Конституция күні қарсаңында ардагерлер, қоғам өкілдері мен үздік полицейлер марапатталды
СҚО-да Конституция күні қарсаңында ардагерлер, қоғам өкілдері мен үздік полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жиналыс өтті. Мемлекеттік мерекеге орай қарсаңында 17 полиция қызметкері, ардагерлер мен қоғам өкілдері марапатталды.
Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жеке құрам мен ардагерлерді құттықтай отыра, еліміздің басты заңы халықтың бірлігін нығайтушы фактор екендігіне тоқтала кетті.
– Біз полиция қызметкерлері құқықтық тәртіпті күзетеміз, азаматтардың құқығы мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғаймыз, – деп атап өтті СҚО ПД бастығы.
Кезекті арнаулы атақтар, медалдар, төс белгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар – осындай деңгейде еңбектің бағалануы әрқашан толғандырады, мемлекеттік мерекеге орай наградалар алу ерекше құрметке бөлейді. Марапатталғандардың қатарында СҚО ПД Штабы есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бөлімінің бастығы – Гүлшара Сейдахметова да болды. Гүлшара Файзоллақызы ішкі істер органдарында 1994 жылдан бастап қызмет етеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, тергеуші болып еңбек етіп, қызметтегі бірнеше жылын облыстық полиция штабына арнады. Конституция күні қарсаңында жоғарғы атақ “полиция полковнигі” шенін иығына тақты.
Сонымен қатар, “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтой медалімен СҚО ПД жанындағы Косультативтік-кеңесші органның мүшелері Арман Бердіғұлов, Бахытжан Сәмиева, Александр Казанцев пен Павел Афанасьев марапатталды. Құрмет грамотасы және алғыс хаттар – ішкі істер органдарының ардагерлері Бейсенбай Кимикпаев, Анатолий Слипецкий, Руслан Салькаевқа табыс етілді.
Жиналыс ведомствоның мәдени орталығы дайындаған концертпен аяқталды. Барлық мереке күндері полиция қызметкерлері жерлестердің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзете отыра, күшейтілген түрде қызмет атқарады.