Маңғыстауда ҚАЖД-ның 10-ға жуық жас қызметкері ант қабылдады
Маңғыстауда ҚАЖД-ның 10-ға жуық жас қызметкері ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Конституция күніне орай жеке құрамның дәстүрлі саптық байқауы және жаңадан жұмысқа алынған қызметкерлердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға ведомство басшылығы, ардагерлер, жеке құрам қатысты. Мемлекеттік Ту сапқа әкелініп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
– Өмірлеріңізде маңызды қадам жасап, қоғамға қызмет етуге ант қабылдау сәтінің еліміздегі бас мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтіп жатқаны кездейсоқтық емес. Әскери ант – әскери өмірдің өзгермейтін заңы. Онда Отанды қорғаудың, халыққа қызмет етудің айқын белгілері бар, – деді өз сөзінде департамент бастығы Алтынбек Қалиев.
Сондай-ақ, ведомство басшысы жас қызметкерлерге ҚАЖ саласының ауыртпалығы мен қиыншылығын табандылықпен еңсеруді, қызметтік борышын абыроймен атқаруды тапсырды.
Ант қабылдау рәсіміне 9 жас қызметкер басшылар мен ішкі істер органдарының ардагерлері алдында қызметтік міндеттерін адал атқаруға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ант етті.