Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері есірткі сатумен айналысқан аспаздың көмекшісін ұстады

Ақтөбе полицейлері есірткі сатумен айналысқан аспаздың көмекшісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бұған дейін хабарланғандай, 25 тамызда Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады, ол қаладағы мейрамханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істеді, одан 2 келіге жуық марихуана есірткі заты тәркіленді.

26 тамызда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған азаматтың қылмыстық байланысын пысықтау кезінде қаланың супермаркеттерінің бірінің тұрағында 35 жастағы ер адамның басқаруындағы Mitsubishi Carisma автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автокөліктен құрамында есірткі заты бар 41 полиэтилен түйіншек тәркіленді.

Алынған марихуана есірткі затының жалпы салмағы 2 келіден асты, бұл есірткі заттарының аса ірі мөлшеріне жатады.

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу және заңсыз сақтау фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі және 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ұсталған адам коннабиоидтарды қолдану салдарынан есірткіден мас болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру