Маңғыстауда алғашқы қоңырау күні 500-ге жуық полицей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті
Маңғыстауда алғашқы қоңырау күні 500-ге жуық полиция қызметкері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz
1 қыркүйек – Білім күні маңғыстаулық полицейлер салтанатты жиындарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға жұмылдырылды. Бүгін 100-ден аса жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында арналған алғашқы қоңырау соғылды. Бұл күнде 500-ге жуық қызметкер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, мектептерге жақын орналасқан 79 автопатруль жол полициясы нарядтарының бағыттары жолдағы жағдайды бақылауда ұстады. Дәстүрлі түрде балалардың жүріс бөлігінде қауіпсіз жүріс-тұрысы бойынша іс-шаралар өткізілді. Білім беру ұйымдарына жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінде полиция қызметкерлері тұрғызылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.