Қызылорда облысында Білім күніне орай 500-ден астам полицей жұмылдырылды
Қызылорда облысында Білім күніне орай 500-ден астам полицей жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда облысы Полиция департаменті және қалалық басқарма, аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттаған бүлдіршіндер мен ата-аналар, оқушылар ұстаздарды бүгінгі Білім күні – жаңа оқу жылы басталуымен шын жүректен құттықтады. 1 қыркүйекте облыстың әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері бекітілді.
Мектеп жанында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінде балаларға көмек көрсету үшін патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілікті жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарында ювеналды полиция қызметкерлері, тергеушілер және анықтаушылар жол ережелерін сақтау және балалардың құқықтары мен жауапкершіліктері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері көше-жол желісін және мектептер, балабақшалар және басқа да оқу орындары орналасқан жерлерде жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар жіберілді.
Іс-шараға мектептерде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпісіздігін қамтамасыз ету мақсатында 319 мектепке 546 қызметкер және 89 автокөлік бөлініп қызмет атқарды.